Шымкентте бір адам қаз болған төбелес: тағы бір зардап шегушінің жағдайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте бір адам қаз болған төбелес: тағы бір зардап шегушінің жағдайы айтылды видео кадры

Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, салдарынан 40 жастағы тұрғын қаза тапты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте жол апаты жаппай төбелеске ұласып, салдарынан 40 жастағы тұрғын қаза тапты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 1990 жылы туған науқас ауыр жағдайда №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Науқастың сол жақ кеуде қуысында пышақ жарақаты анықталып, шұғыл түрде ота жасалды. Қазір науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде қарқынды ем қабылдап жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама