Шымкентте бір жасар бала ток соғып, қаза болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шымкентте бір жасар бала жеке үйлердің бірінде ток соғып, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте бір жасар бала жеке үйлердің бірінде ток соғып, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші-диспетчерлік қызметке сағат 20:30-да баланың қаза болғаны туралы жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған. Қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде болған.

"Үйде "Әсел" пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосулы тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электр сымын қолымен ұстап қалған. Бала оқиға орнында жан тапсырды. Нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама