Шымкентте бірінші сынып оқушысы су толы шұңқырға құлап мерт болды

Фото: pexels.com

Шымкентте бірінші сынып оқушысы су толы шұңқырға құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Шымкентте бірінші сынып оқушысы су толы шұңқырға құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиға 12 сәуірде Туран-1 шағынауданында болған. Жеті жастағы бала шамамен сағат 17:00-де серуендеуге шыққан және үйіне оралмаған. Ата-анасы оны бірден іздеуге кіріскен.

Баланы шамамен сағат 22:00-де тереңдігі екі метр шамасындағы, су толған шұңқырдан тапқан. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазір тексеру жүріп жатыр.

Реклама
Реклама

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бала құлаған шұңқыр бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлерге арналған септик үшін қазылған. Алайда кейін құрылыс жұмыстары тоқтап, шұңқыр ашық күйінде қалған. Уақыт өте келе ол сарқын суларға толған.

Бұл шұңқыр мектеп пен балабақшаға жақын жерде орналасқан, сол себепті тұрғындарды үнемі алаңдатып жүрген көрінеді. Олар қауіпті аумақты қоршау туралы жауапты органдарға бірнеше рет жүгінгенімен, ешқандай шара қолданылмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама