Шымкентте бұрынғы сүйіктісінен ақша бопсалаған ер адам ұсталды

Шымкентте бұрынғы сүйіктісінен ақша бопсалаған ер адам ұсталды Фото: polisia.kz

Экс-сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Экс-сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргені туралы қала тұрғыны полицияға жүгінген.

Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен. Күдіктіні қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады.

Реклама
Реклама

"Осы жайт бойынша полицейлер тергеу әрекеттерін бастады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді", - делінген хабарламады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама