Шымкентте COVID-19-дан қайтыс болған әйелдің бірнеше созылмалы ауруы болған

Шымкентте COVID-19-дан қайтыс болған әйел туралы деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Шымкентте COVID-19-дан қайтыс болған әйел туралы деректер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны. 65 жастағы азаматша 2 мамыр күні ЖРВИ диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген", - делінген хабарламада.

Науқастан зертханалық сынамасы алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берген.

Реклама
Реклама

6 мамыр күні азаматша жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ИВЛ аппаратына қосылған.

Қайта ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы нақтыланды.

"Науқастың қосалқы аурулары: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болды", - деді Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама