Шымкентте COVID-19 жұқтырған науқас туралы не белгілі?

Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте коронавирус жұқтырған науқасқа қатысты мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Шымкентте коронавирус жұқтырған науқасқа қатысты мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Ауру жұқтырған әйел - Шымкент қаласының тұрғыны. Ол коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, одан зертханалық сынама алынған.

"ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша науқастан COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттама бойынша тиісті ем жүргізіліп жатыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген штабтың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Соңғы мәліметтер бойынша, қалада COVID-19 коронавирус жұқтырған 40 адам анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама