ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2020 | 17:08
Шымкентте COVID-19 табылған науқастың жеке деректерін таратқан адам 7 жылға сотталуы мүмкін
Шымкент қаласында коронавирус анықталған науқастың жеке деректерін тарату бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте Дәурен Абаевтан Желіде COVID-19 жұқтырған шымкенттіктің аты-жөні қайдан жүргені туралы сұрақ қойылды.
"Шымкент полиция департаменті коронавирус инфекциясымен ауырған адамның жеке деректерін әлеуметтік желілерде тарату дерегі бойынша ҚР ҚК 147-бабының 5-бөлігі "Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді министр.
Айта кетейік, бұл бап бойынша құқық бұзушылар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также