06 тамыз 2021 | 15:15

Шымкентте ем алушыларға арналған кітап сөрелері орнатылды

"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер" басқармасының бастамасымен "Кітап - жан дәрумені" жобасы қолға алынып, жергілікті 12 аурухана, емхана және балалар ауруханаларына классикалық және заманауи авторлардың туындыларымен толықтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер" басқармасының бастамасымен "Кітап - жан дәрумені" жобасы қолға алынып, жергілікті 12 аурухана, емхана және балалар ауруханаларына классикалық және заманауи авторлардың туындыларымен толықтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді ем алушы шымкенттіктер қалаған кітабын алып, ауруханада өткізуге мәжбүр уақытына өзгешелік енгізе алады.

"Өкінішке қарай, ауруханаларда науқастар саны азаймай отыр. Оған қоса, ұзақ мерзімді емге мұқтаж азаматтар да бар. Жерлестеріміздің еміне сәл де болса көмегімізді тигізсек деген ниетімізді осы жоба арқылы іске асырып отырмыз. Емделу тек физикалық қана емес, эмоционалдық жағдайға да байланысты. Кітап оқып, ойын жақсы жаққа аударудың әсері ем алушыларға тезірек сауығып кетуге ықпалын тигізеді деп үміттенеміз", - деп жоба ұйымдастырушысы өз ойымен бөлісті.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта 12 ауруханада бастау алған бұл жоба басқа да қалалық ауруханаларда өз жалғасын табады деп күтіледі. Туындылар арасында М. Әуезов, У. Шекспир кітаптарын, заманауи жазушылардың еңбектерін және балаларға арналған сан алуан кітапшалары мен ертегілерді кездестіруге болады. Өз кітабымен бөлісуге ниет білдірген адамдар да кітап сөрелерін толықтыра алады.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная