ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қаңтар 2024 | 17:46
Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы ұсталған сәттің видеосы пайда болды
Еңбек мобильділігі орталығының басшысы жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталды. Антикор видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек мобильділігі орталығының басшысы жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталды. Антикор видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Шымкент қаласының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол "Бастау Бизнес 2023" ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті", - делінген хабарламада.
Тергеу сотының санкциясы бойынша, күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также