11 сәуір 2022 | 11:45

Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Шымкентте аттракционнан ер адам құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте аттракционнан ер адам құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы ақпаратты заңгер Евгений Яворский жариялады. Оның айтуынша, ер адам құзға өрмелеу аттракционынан құлаған.

Реклама
Реклама

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 10 сәуірде жедел жәрдем қызметіне саябақтан ер адамның биіктен құлап, жарақат алғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адам комада, жағдайы ауыр.

"Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Тексеру кезінде науқастың басының маңдай аймағының жыртылғаны анықталды. Хирургиялық ем жүргізілді. Науқастың жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Шымкент қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

"2022 жылдың 10 сәуірінде Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондар саябағында орын алған жайт бойынша Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігімен (тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның барысында жайттың барлық мән-жайы анықталатын болады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная