18 ақпан 2021 | 14:38

Шымкентте интернат тексерісінің нәтижесі жарияланды

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Шымкент қалалық интернатында мүгедек қызды зорлау ісін тексеру нәтижесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қалалық интернатында мүгедек қызды зорлау ісін тексеру нәтижесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шымкенттың № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоспардан тыс тексеруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен мониторингтік топ жүргізді. Нәтижесінде, қызмет алушылардың құқықтарын бұзудың көптеген дерегі анықталғаны хабарланды

Мониторинг топтың құрамына бейінді мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқаларының өкілдері кірді.

Реклама
Реклама

"Тексеру барысында қызмет алушылардың құқықтарының бұзылу деректері және Орталық қызметін ұйымдастыруда кемшіліктер анықталды. Мысалы, бірнеше палаталарда жатын алаңдар белгіленген нормаларға сәйкес келмейді, яғни тиісті 5 шаршы метр алаңның орнына қызмет алушыға 3-тен 4,5 шаршы метрге дейін келеді.

Кейбір қызмет алушының жеке жұмыс жоспары оңалтудың жеке бағдарламасы ескерілмей жасалған. Бұдан басқа, қызмет алушылар жұмсақ инвентарьмен және киіммен толық көлемде қамтамасыз етілмеген. Қызмет алушылардың киімінің маркировкасы жоқ", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, асхана, ас бөлмесі, азық-түлік қоймасын тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылық анықталған.

"Заңбұзушылықтар орталықтың лауазымды адамдарында тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді, ас блоктарында және басқа да үй-жайларда антисанитариялық жағдайлардан қызмет алушылардың жаппай вирус жұқтыру қаупі бар", - деді министрлік өкілдері.

Соңғы тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар жойылмағаны да хабарланды. 

Тексеру нәтижесінде Шымкент қаласының әкімдігіне орталық директоры Мырзахан Жолтаевты лауазымынан босату және мекеме басшысын қоғамның белсенді өкілдері қатарынан тағайындау туралы мәселе қаралатыны белгілі болды. 

Еске салайық, тексеруге Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Мамутованың өтініші негіз болды. Әйел І топтағы мүгедек қызы мекемеде 7 жыл бойы зорланғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, эпилепсиямен ауыратын қызы есінен танып қалған кезде оның денесіне қол сұғылған.

Шымкентте интернат директорының орынбасары науқас қызды зорлау ісіне қатысты түсінік берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная