19 наурыз 2022 10:47

Шымкентте жаңбыр салдарынан жалғызбасты ана 11 баламен баспанасыз қалды

Шымкентте жалғызбасты ана 11 баламен баспанасыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жалғызбасты ана 11 баламен баспанасыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гаухар Абдраймова тоғыз баласы және екі немересімен Ақжар шағынауданында уақытша баспана жалдап тұрады. Алайда нөсер жауыннан баспанасының шатыры құлап, қирап қалған. Үйде бес бөлме бар, олардың үшеуі қирады, дейді әйел. Гаухардың сөзінше, ол қалған бөлмелер отбасына құлап кетеме деп қорқады.

Видео: ©Гаухар Абдраймова

Реклама
Реклама

"Шамамен бес күн бойы қатты жаңбыр жауды, кеше, түнгі сағат екіде сарайдың төбесі құлады. Онда отын болған, енді қазір жарамай қалды, үйіміз де су астында қалды. Бұдан әрі екі бөлменің шатыры құлады, уақытша үй саз кірпіштен салынғандықтан, нөсер жаңбырға шыдай алмайды", - дейді әйел.

Гаухардың айтуынша, үйдің есігі жабылмайды. Үй суық, үш бала ауырып қалған. Әйелдің өзі күйеуімен ажырасқан, жұмыс істемейді. Отбасы АӘК және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға өмір сүреді. Олардың баратын жері жоқ, ал туыстары көмектеспейді екен.

Фото: ©Гаухар Абдраймова

"Үлкен қызым да күйеуімен ажырасқан, оның екі баласы бар, әлі кішкентай, сондықтан жұмыс істемейді. Мен де жұмыс істей алмаймын, өйткені балаларыма қараймын. Бір жыл бұрын ажырастым, оның туыстары да, менікі де көмектеспейді. Әкімдік те көмектеспеді, демеушілер болса көмектесетінін айтты. Үйім қирағанда газ құбырларына тиіп кетті, адамдар оны жөндеп кетті, ал біздің үй сол қалпында қалды", - деп әңгімесін аяқтады Гаухар Абдраймова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram