Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды © otyrar.kz

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, жетеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тауып, жетеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Оқиға наурыздың 21-інде сағат түнгі 2 жарымдар шамасында Әл-Фараби көшесі мен Алматы бағытындағы тас жолдың қиылысында болған.

Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentra көліктері соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан бірнеше адам көлік сыртына шығып кеткен. Үш адам оқиға орнында мерт болған.

Жарнама
Жарнама

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі дер кезінде жеткен. Қатты соққыдан көліктің бірінен жанармай сыртқа ағып, өртене бастаған.

Оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама