ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2019 | 14:11
Шымкентте жемқорлық дауына қалған адвокат пен тергеуші бостандықта жүр
Зорлық қылмысын қысқартуға делдалдық жасаған адвокат бостандықта жүр, - деп хабарлайды "Отырар". Ал 360 мың теңге көлемінде пара алмақ болған Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісі 20 миллион теңгені кепілдікке қойып, уақытша босатылған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы мәлімдеді.

Айтуларынша, қазан айында тіркелген бұл қылмысты осы зорлау фактісі бойынша күдікке іліккен азаматтың өзі хабарлаған.
Сол мезет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерлері адвокат пен полиция өкілін қылмыс үстінде құрықтаған болатын.
"Қаланың адвокатына қатысты Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісімен зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатуға жалпы соммасы - 360 мың теңге көлемінде пара алуға делдалдық жасалған дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған. Қазіргі уақытта полиция қызметкеріне қатысты сотпенен бұлтартпау шарасы кепіл түрінде қабылданған. Ол 20 миллион теңге көлемінде қаржы құйып, бостандыққа шықты. Ал адвокатқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ, аптаның аяғына дейін қолданылады. Қазір ол да бостандықта жүр", - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығының орынбасары Камал Қабылбеков.
Показать комментарии
Читайте также