07 қараша 2024 | 14:53

Шымкентте жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото:depositphotos.com

Шымкент арнайы экономикалық аймағындағы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер телімі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент арнайы экономикалық аймағындағы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер телімі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында синтетикалық жіп шығаратын зауыт салу үшін берілген учаскені мақсатсыз пайдалану анықталды.

"2013 жылы жергілікті атқарушы органның қаулысы бойынша, ЖШС синтетикалық жіп пен дайын микрофибра бұйымдары мен басқа да тоқыма материалдарын шығаратын зауыт салу үшін ауданы 2,0 гектар жер учаскесін берді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Учаскенің нысаналы мақсатына сәйкес келмеуін анықтауға байланысты Шымкент жер ресурстарын басқару бөлімімен жер заңнамасының талаптарын заңбұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ұйғарым шығарылды.

"Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот кадастрлық құны 70 миллион теңге болатын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды", - делінген ведомство ақпаратында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная