25 сәуір 2022 | 16:19

Шымкентте жігітті әскерге күшпен "алып кеткен": Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: instagram/open.shymkent

Желіде жігітті әскери комиссариатқа күшпен "алып кеткен" полицейлердің видеосына қатысты Қорғаныс министрлігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде жігітті әскери комиссариатқа күшпен "алып кеткен" полицейлердің видеосына қатысты Қорғаныс министрлігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 сәуірде полиция қызметкерлері Шымкентте жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізді. Атап айтқанда, қорғаныс ведомстволарының шақыртулары бойынша келмей, шақыртудан жалтарған мерзімді әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6 әскерге шақырылушы әскери комиссариатқа күшпен жеткізілді", - делінген хабарламада.

Министрлік рейдтердің қорытындысы бойынша ата-аналар мен әскерге шақырылғандар тарапынан қорғаныс бөліміне шағым түспегенін айтты.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар, көбінесе көрсетілген мекенжайда тұрмайтын, ата-аналары жасырып жүрген әскерге шақырылушыларға шақыру қағазын беру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Шымкент қаласында 300-ден астам әскерге шақырылған сарбаз шақырту алған. Бірақ олар медициналық комиссиядан өту үшін шақыру учаскелеріне келмейді", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомство медициналық комиссиядан және мерзімді әскери қызметтен жалтарғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная