Шымкентте жоғалған қыз Тараздан табылды

© Тұрар Қазанғапов

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жоғалған қызды Тараздан тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері жоғалған қызды Тараздан тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Осы жылдың 26 қарашасында "102" нөміріне әйел хабарласып, 12 жастағы қызының жоғалғанын айтып, полициядан көмек сұраған. Шымкент қаласы полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оқушыны шұғыл іздеуге кіріскен.

"Жоғалған қыз көпбалалы отбасында тәрбиеленген. 26 қарашада 12 жастағы қыз қаладағы "Алаш" базарына барып, үйіне оралмаған. Іздестіру барысында тәртіп сақшылары қызды Тараз қаласынан тапқан. Ол Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде болған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Абай ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Орынбек Өмірзақ қызды Шымкент қаласына жеткізген.

Қазіргі таңда психолог жасөспіріммен жұмыс жүргізіп жатыр. Оқушының анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтып, оларға ризашылығын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама