Шымкентте жол ортасында билеген блогер жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Көшеде билеген блогер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көшеде билеген блогер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында қалалық ПД қызметкерлері өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтаған.

Реклама
Реклама

Блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте билей бастаған. "Шоуды" қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен.

40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қыздың жеке басын анықтады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны. Бұл әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама