02 ақпан 2024 15:41

Шымкентте жүргізуші "қымыз" ішіп алып, бағдаршамды қиратқан

видео кадры

Шымкентте жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ЖКО тапа-тал түсте Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында болған. Alphard маркалы көлікті тізіндеген мас ер адам бағдаршамды соғып, кейін артқа жүріп, жол үстінде келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Реклама
Реклама

"Апат ЖБО камераларына түсіп қалған. Бейнебақылау инспекторлары оқиға орнына патрульдік автоэкипажды жолдады. Өзін біртүрлі ұстаған жүргізушіні тәртіп сақшылары алкоголь тұтануын тексеру үшін медициналық куәландырудан өтуін сұрады. Жауабында құқық бұзушы өз әрекетін "мен тек қымыз іштім" деген сөздермен ақтауға тырысты. Оның орташа масаң күйде болғаны анықталды. Қала тұрғыны мұндай жағдайда рөлге бірінші рет отырмағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Ол 1,5 жыл бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылған. Қазір ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Ол өзгенің көлігі мен жол құрылысжайын бүлдіруге алып келген көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұрып, масаң күйде тізгіндегені үшін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram