Шымкентте жыландар мен шаяндардың күрт көбеюіне байланысты құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.
Кейінгі екі айда қалалық құтқару қызметіне тұрғын үй аймақтарында бауырымен жорғалаушылардың пайда болуына қатысты 130-дан астам шақырту түскен.
Құтқарушылар 90-ға жуық жыланды ұстады. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы мұндай өтініштердің саны 200-ге жуық болған. Мамандардың айтуынша, жыландар көбіне қорек іздеп шығып, жеке үйлердің аумағында, сондай-ақ қаладағы тұрғын үй массивтерінде, саябақтар мен тоғайларда жиі бой көрсете бастаған.
"Жыландар көбіне тышқандар мен құстар бар жерде кездеседі, өйткені олар солармен қоректенеді. Қалада жыланның улы да, усыз да көптеген түрі кездеседі. Оларды байқаған жағдайда жақындамау және құтқарушылардың келуін күту маңызды", - деді Шымкент қалалық ТЖД бөлім бастығы Ербол Оспанов.
Бүгінгі таңда жылан шағу деректері тіркелген жоқ. Тағы бір қауіп – шаяндар. Қазірдің өзінде бұл буынаяқтылардың шабуылынан 80 адам зардап шеккен. Мамандар серуендеу және табиғатта демалу кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.