14 қыркүйек 2020 12:31

Шымкентте карантин жеңілдетілді және ұзартылды

Сурет: shymkent.gov.kz

Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ретте құжатта карантин шектеулерінде бірқатар жеңілдетулер бар. Мысалы, демалыс күндері тек азық-түлік емес, ашық ауада жұмыс істейтін киім-кешек базарларына 06.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат енгізіледі.

Реклама
Реклама

SPA-орталықтарға, сұлулық салондарына, шаштараздарға 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, демалыс және мереке күндері жұмыс шектеледі.

09.00-ден 21.00-ге дейін моншаларға жұмыс істеуге рұқсат етілді, демалыс және мереке күндері сауналар жұмыс істей алмайды. 

Қоғамдық көлік жұмыс және сенбі күндері 07.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram