24 мамыр 2020 | 21:42

Шымкентте карантин ұзарды

Шымкенттің бас санитар дәрігері карантинді 8 маусымға дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттің бас санитар дәрігері карантинді 8 маусымға дейін ұзарту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"COVID-19 инфекциясының тарауына байланысты, халық арасында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Реклама
Реклама
Шымкент қаласының барлық аумағында карантин және шектеу шараларын 2020 жылғы 25 мамырдағы 01 сағат 00 минуттан 2020 жылдың 8 маусымындағы 00 сағат 00 минутқа дейін ұзарту. Шымкент қаласының тұрғындарына, ұйымдарының, кәсіпорындарының басшыларына меншік нысанына қарамастан карантин аяқталғанға дейін:
1) екі және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде киюмен және кемінде екі метр қашықтықты сақтаумен тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;
2) аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға үш адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне бетперде тағып, екі метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі.;
3) саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін елді мекеннен кіруге/шығуға рұқсат етіледі);
4) қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген объектілерге барған кезде маскаларды, қолғаптарды киіп жүру және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;
5) мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар мен қызмет көрсетулерді өткізуге тыйым салынады.;
6) кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан, персонал мен келушілердің карантин талаптары мен шектеу іс-шараларының сақталуын қатаң бақылауды қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.

Еске салайық, бұған дейін тәртіп жеңілдетілгеннен кейін қала тұрғындары көшеге жаппай шыға бастағаны хабарланған. Билік қаладағы карантин шараларын қатаңдату керек деп санайды, атап айтқанда, кейбір нысандарды жабу керек.

"Біз жазғы кафелер мен мейрамханалар ашуға мүмкіндік бергіміз келді. Діни объектілерді ашқымыз келген, біраө енді олай болмайды. Шымкентке кіріп-шығуды жеңілдеткіміз келген. Бұл жағдай мүмкін емес", - деп түсіндірді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.

Айта кетейік, Шымкентте коронавирус жұқтырғандардың саны 606-ға жетті. Ал еліміз бойынша жұқтырғандардың саны - 8322. Оның 4320-сы айықса, 35-і қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная