Шымкентте карантин ұзартылды, бірақ жәрмеңке өткізуге рұқсат берілді

© Тұрар Қазанғапов

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартты және жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартты және жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар мен жәрмеңкелерге толымдылығы 30 пайыздан аспайтын және ауданы бір адамға кемінде 4 шаршы метрден болған жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Реклама
Реклама

Демалыс және мереке күндері жабық базарларға тыйым салынады.

"Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннель мен санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету керек", - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, жаңа құжатта жәрмеңкелерде балалар ойын алаңдарының, батуттар мен фуд-корттарының жұмысына тыйым салу алынып тасталған.

Құжат Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама