01 наурыз 2021 | 17:11

Шымкентте карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шектеулері туралы жаңа қаулы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин шектеулері туралы жаңа қаулы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес, ас беру шараларын (30 пайыз, 50 адамнан артық емес) қоспағанда, салтанатты, естелік іс-шараларын өткізуге (корпоративтер, банкет, той, туылған күн, мерейтой, шығарып салу, кұдалык, беташар және тағы басқа) тыйым салынады.

АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, автобөлшект дүкендері, байланыссыз кызметтер (көлік жуу, көлік, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяк киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілт жасау бойынша көрсетілетін кызметтер және тағы басқа) қалыпты режимде жұмыс істей береді.

Реклама
Реклама

Балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын аландары, жабық аттракциондар) жұмысы сағат 09:00 - 23:00 дейін 30 пайыздан, 50 адамнан артық емес болған жағдайда арақашықтық пен күшейтілген санитариялык эпидемиологиялық режимді сактай отырып ұйымдастырылады.

2021 жылдың 1 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1 ден 5-сыныпқа дейін коса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7 сыныпқа дейін қоса алғанда сыныпта 25 оқушыдан аспаған жағдайда оқуға рұқсат беріледі.

Айта кетейік, Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта орналасқан.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная