Шымкентте кезекті жалпықалалық түнгі рейд өтті

Шымкентте кезекті жалпықалалық түнгі рейд өтті Фото: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаланың 5 ауданы бойынша кезекті рет «Қауіпсіз қала» түнгі рейдтік іс-шарасы өткізілді. Түнгі рейд жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуді мақсат еткен.

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті, аудан әкімдіктері, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Рейд барысында мамандар жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау, ойын-сауық мекемелерінде қорқор мен зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ҚР заңнамаларын сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына заң талаптары түсіндіріліп, ескерту парақшалары таратылды. Рейдке қатысқан жастар инспекторлары мен әлеуметтік қызметкерлер тарапынан кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды.

Реклама
Реклама

"Заң мен тәртіп қағидаты аясында қала аумағында жұма-сенбі сайын рейдтік іс-шаралар өтіп жатыр. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің түнгі уақытта бейсауыт жүру жағдайлары көбейген. Бір жағдайға ұрынып қалмауы үшін біз де тиісті жұмыстарды жүргіземіз. Жалпы, қауіпсіздікті арттыру - басты назарда тұр", - дейді Шымкент қаласы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы Жандос Ахметұлы.

Кезекті рейд барысында жастар ресурстық орталығы, аудан әкімдіктері, Полиция департаменті қызметкерлері барлық аудан бойынша белсенді жұмыстар атқарды.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама