16 шілде 2024 | 08:53

Шымкентте конго-қырым безгегінен ер адам қайтыс болды

Фото:depositphotos.com

Шымкентте үш адам конго-қырым қанды безгегін жұқтырды. Олардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап, үйлеріне шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте үш адам конго-қырым қанды безгегін жұқтырды. Олардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап, үйлеріне шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, тағы бір ер адам, Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол реанимация бөліміне жатқызылды, онда ол үш күн жатып, қажетті ем алған. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан қайтыс болды.

Қазір тағы бір науқасты конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыру күдігіне байланысты мамандар тексеріп жатыр.

Реклама
Реклама

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы - бұл маусымдық ағымымен ерекшеленетін табиғи-ошақтық ауру. Аурудың өршуі мамырдан тамызға дейінгі кезеңде тіркеледі. Табиғаттағы КГЛ негізгі тасымалдаушылары мен көздері әртүрлі кеміргіштер, үй және жабайы жануарлар (ірі қара мал, жылқы, ит, шошқа), сондай-ақ вирусты өмір бойы сақтап, оны ұрпақтарына тарататын кенелер болып табылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная