01 мамыр 2019 | 18:02

Шымкентте көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады

Үшінші мегаполистің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бүгін мерекеге орай "Шымкент сити" қалашығында 540 пәтерлі 10 көпқабатты жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлердің кілттерін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үшінші мегаполистің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бүгін мерекеге орай "Шымкент сити" қалашығында 540 пәтерлі 10 көпқабатты жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлердің кілттерін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа әлеуметтік саясаты көпбалалы отбасылар мен халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдауға бағытталған "Әлеуметтік қамқорлық" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатыр.

Реклама
Реклама

Іс-шарада сөз алған қала әкімі мемлекеттік бағдарламалар аясында көпбалалы отбасылар мен халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын баспанамен қамту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Шымкент қаласында соңғы жылдары құрылыс қарқыны артты. Жаңа шағынаудандар салынып, мыңдаған отбасылар баспаналы болды. Былтырдың өзінде қаламызда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1152 отбасы баспаналы болды. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тауып, талай отбасы баспаналы болу бақыты алдында тұр. Қаланың даму жоспарына осыдан 3-4 жыл бұрын ғана енгізілген "Шымкент сити" заманауи қалашығы бүгін алғашқы тұрғындарын қабылдауда.Осы көпқабатты тұрғын үйлер елімізде жүргізіліп жатқан жаңа әлеуметтік саясатының жемісі деп айтуға болады.Баспаналы болған азаматтарымызға қоныстарыңыз құтты болсын деп тілек білдіреміз", - деді қала басшысы.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте жыл соңына дейін 828 пәтерлі 14 арендалық тұрғын үйлер беріледі.

Бұдан басқа, "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы арқылы 246 пәтерлі 5 кредиттік тұрғын үй берілсе, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы "Нұрсәт" шағын ауданында 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үй, СПК "Шымкент" арқылы 1016 пәтерлі 24 кредиттік тұрғын үйлер халық игілігіне беріледі. Қалада 2 жатақхананы күзде тапсыру жоспарланып отыр. Ал жеке құрылыс жүргізушілер есебінен 1293 пәтерлі 26 тұрғын үй пайдалануға беріледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная