23 мамыр 2022 10:10

Шымкентте көпірден секірмек болған ер адамды полиция қызметкері құтқарып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
polisia.kz

Шымкентте көпірден секірмек болған ер адамды полиция қызметкері құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте көпірден секірмек болған ер адамды полиция қызметкері құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, 895 жаяу бағыттағы патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Анаров және Төле би көшелерінің қиылысында қызмет атқару барысында жергілікті тұрғын көмек сұраған.

Тұрғынның айтуынша, сол маңдағы Қапал батыр көшесіндегі көпірден ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болып, көпірдің жақтауында секіргелі тұрғанын көрген. Бұл жағдай күндізгі уақытта болған. Полицей дер кезінде оқиға орнына жеткен.

Реклама
Реклама

Ер адамның көпір жақтауына шығып, секіруге оқталғанын көреді. Оны сөзге тарта отырып, жедел әрекет етіп, жанына жақындап қауіпсіз жерге шығарған. Осы оқиға полицейдің бейнежетонына жазылған. Сондай-ақ, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларында азамат алдымен жолда жүріп жатқан көліктердің астына түспек болған.

"Күнделікті жұмысқа келгенде бірінші ойым - қоғам тыныштығын сақтап, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қызмет барысында менде мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Менен көмек сұрағанда, бірден ол адам мен жеткенше жаман қадамға бармай, өмірін құтқарып қалсам екен деген ниет болды. Аллаға шүкір, азаматты құтқарып үлгердік, ол дін аман", – деді полицей Жанболат Тастахов.

Өмірімен қош айтыспақ болған азаматтан мән-жайды анықтау үшін Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізіліп, үйіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері жедел әрекеттерінің арқасында тұрғынның өмірін құтқарып қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram