ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2020 | 12:07
Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқас туралы не белгілі?
Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты мәліметтер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқасқа қатысты мәліметтер шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 1962 жастағы ер адам қайтыс болған.
Науқас 11 сәуірде Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған.
"Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі транзитпен "Қарағанды-Новосбір" бағыты бойынша жол жүріп бара жатқанда дене қызуы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. 58 жастағы ер адам инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Ол денсаулығының нашарлауына байланысты реанимациялық бөлімнің ИВЛ аппаратына қосылған. Науқас бұған дейін артериалдық гипертензия ауруымен диспансерлік есепте тіркеуде тұрған", - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Ер адамның бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында реанимациялық бөлімде қайтыс болғаны айтылады. Науқаспен қарым-қатынаста болған ұлы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, стационарға жатқызылған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также