ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2019 | 11:12
Шымкентте медбикені зорлау ісі. Дәрігер неге ақталып шықты?
Жоғарғы сот баспасөз қызметінің өкілі Айдос Сәдуақасов жұмыс орнында медбикені зорлады деп айыпталған дәрігердің неге ақталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жоғарғы сот баспасөз қызметінің өкілі Айдос Сәдуақасов жұмыс орнында медбикені зорлады деп айыпталған дәрігердің неге ақталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қылмыстық сот өндірісінің негзгі принциптері бар: заң бойынша кінәсі дәлелденбеген жағдайда тұлға кінәлі болып есептелмейді. Айыптаушы тарап қылмыстық кінәнідәлелдеуге барын салуы керек. Осы жағдайда сот дәрігердің кінәсін дәлелдейтіндей айғақтар көрмеген. Сол себепті судья ақтау үкімін шығаруға міндетті. Заң бойынша басқа шешім шығару мүмкін де емес", - деді Сәдуақасов Facebook желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, сот үкімі заңды күшіне енбеген.
"Зардап шеккен тарап осы шешімді жоғарғы инстанцияда қайта қарауына арыз беруіне болады. Осы орайда сот органдары тарапынан іс бойынша қандайда бір мәліметтерді жариялауына болмайды.
Зорлау ісі болған кезде олардың құпия болғаны дұрыс. Мұндай істер сотта жабық түрде өтеді. Неліктен екенін түсіндірудің өзі артық. Бұл тек істің фигуранттарына ғана емес, олардың отбасы, жақындары мен туыстарына да қатысты", - деді Сәдуақасов.
Ол қоғамнан жеке адамның құпиясына нұқсан келтіретін қандай да бір мәліметтерді жарияламауды сұрады.
Кеше, 21 сәуірде Шымкентте жұмыс орнында медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шыққаны хабарланды.
Показать комментарии
Читайте также