16 маусым 2022 | 18:09

Шымкентте медицина бұйымдарын шығаратын жаңа өндіріс орны ашылды

Бүгін Шымкент қаласының күні қарсаңында "Тассай" индустриялық аймағында қорғаныс киімдері мен медициналық бұйымдар шығаратын "Экофарм" өндіріс орны ашылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Шымкент қаласының күні қарсаңында "Тассай" индустриялық аймағында қорғаныс киімдері мен медициналық бұйымдар шығаратын "Экофарм" өндіріс орны ашылды.

Бүгінгі таңда "Тассайда" жалпы инвестиция көлемі шамамен 45 миллиард теңге құрайтын 37 жоба жүзеге асып жатыр.

Жалпы құны 3,4 млрд. теңге болатын инвестициялық жобаны іске асыру үшін "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жер беріліп, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында "Даму" қоры арқылы субсидияланған.

Реклама
Реклама

Жаңадан ашылған бұл өндірісте 150 адам жұмыс істейді. Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орнында жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрі, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығарылады.

Жалпы, Шымкент қаласы дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын орталық болып қалыптасып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная