17 наурыз 2020 | 15:17

Шымкентте медициналық маскалар шығарыла бастады

Шымкентте медициналық маскалар шығарыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте медициналық маскалар шығарыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қаладағы бірнеше тігін кәсіпорындары бүгіннен бастап медициналық маскаларды тігуді бастады. Солардың бірі - "Гауһар" тігін фабрикасы. Аталмыш фабриканың жұмысымен бүгін шаһар басшысы арнайы келіп танысты.

Реклама
Реклама

Мұнда 450 қызметкер күніне 500 мың масканы тігуге мүмкіндігі бар. Осылайша қала тұрғындарының сұранысы толық қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, маскалардың бағасы тұрақты бағамен сатылады дейді әкімдіктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная