23 қазан 2024 | 12:50

Шымкентте миллион теңгеге жуық шығын келтіргендер ұсталды

Фото: polisia.kz

Шымкентте полицейлер миллион теңгеге жуық шығын келтірген құқық бұзушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте полицейлер миллион теңгеге жуық шығын келтірген құқық бұзушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Ақжайық шағын мөлтек ауданының тұрғыны полиция қызметкерлеріне белгісіз азаматтардың үйіне заңсыз кіріп, құнды заттарын жымқырғаны жайлы хабарлады.

Арызданушының айтуынша, ұрылар құны миллион теңгені құрайтын ақша мен бағалы бұйымдарды алып қашып кеткен. Жәбірленуші үйінде белгіссіз азаматтарды көріп оларға ескерту жасаған кезде, қаскөйлер оны үшкір затпен қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушылардың Тараз қаласының тұрғындары екені анықталды.

Реклама
Реклама

Олардың бұған дейін де осындай қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта олар Абай ауданы полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлердің кәсібилігі мен шұғыл әрекеті арқасында құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная