Шымкентте полиция қызметкері әйелді қағып кетіп, ол оқиға орнында қаза болды. Бұл ақпаратты Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай 28 тамызда Желтоқсан көшесінде болған. Ведомство мәліметінше, әйел кенеттен ағаштардың арасынан жүгіріп шығып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған.
"Қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталған жоқ: ол мас болмаған және жылдамдық режимін сақтаған", – деді департамент өкілдері.
Қазір кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!