ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2021 | 20:00
Шымкентте Президенттің тапсырмасы пәрменді атқарылып жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі" атты кезекті Жолдауында өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырған болатын. Осы мақсатта Шымкентте бірнеше бастама қолға алынды. "Солардың бірі - "Жұлдыз" индустриалды аймағы, деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы өткізген брифингте.

Қала әкімінің айтуынша, қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары жүруде. 306 гектар аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд.теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнымен 50 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.
Шымкенттің 3 индустриалды аймағында алғашқы бес айда 1,8 миллиард теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асырылды. Осы жылдың соңына дейін инвестиция көлемі 38,1 миллиард теңгеге 754 жұмыс орнымен 13 жоба іске қосылады, деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.
Сонымен бірге, Жолдаудағы басым бағыттардың бірі - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету.
Осы бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймағын іске асыру басталып кетті. Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені, екіншісі - "Бозарық" тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да Жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатыр. Алдағы айда құжаттамасы сараптамадан шыққан соң, құрылыс жұмысы басталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также