ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қазан 2022 | 17:50
Шымкентте Республика күні жоғары деңгейде тойланды
Шымкентте тұрғындар 25 қазан - Республика күні мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Қала әкімдігі ұйымдастырған мерекелік іс-шараларға жұртшылық көп жиылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте тұрғындар 25 қазан - Республика күні мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Қала әкімдігі ұйымдастырған мерекелік іс-шараларға жұртшылық көп жиылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халық Шымкенттің "Арбат" алаңындағы көрмеде шаһардағы музей, кітапхана мен театр ұжымдары әзірлеген көрмені тамашалады. Республика күніне арналған тақырыптық көрнекіліктер көпшіліктің көңілінен шықты.
Үшінші мегаполистегі мерекелік шаралардың легі әкімшілік-іскерлік орталықтағы алаңда өткен тағы бір көрме және концертпен жалғасты.
"Бұл көрмеге мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 21 мекеме ұжымдары жұмылдырылып отыр. Мысалы, театрлар өздерінің сахналық көріністерін ұйымдастырса, кітапханалар құнды дүниелерді, архивтер өздеріндегі бағалы құжаттарды көпшілік назарына ұсынып отыр. Мұның барлығы көп жылдан бері алғаш рет атап өтіліп отырған Республика күні мерекесіне орай қала тұрғындарына сыйлық десек те болады. Мерекеміз құтты болсын, тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасай берсін!", – деді Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры Самат Алтай.
Салтанатты шараларда Шымкент қалалық мәдениет үйі мен өзге де өнер ұжымдарының өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Жастар жағы патриоттық әндерді қосыла шырқап жатты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также