Шымкентте резонанс тудырған төбелес: екінші адамның өлімі расталмады

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте резонанс тудырған төбелес: екінші адамның өлімі расталмады видео кадры

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейінгі жаппай төбелес қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жанжал кезінде бір адам қаза болған. Әлеуметтік желілерде қолданушылар оқиғаны қызу талқылап, ауруханада екінші зардап шеккен адамның да қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Зардап шеккен 1990 жылы туған азамат №1 қалалық клиникалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Дәрігерлер оған барлық қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

"Науқас кеудесінің сол жағынан пышақ жарақатын алған. Оған шұғыл ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде қарқынды ем алып жатыр", - деді дәрігерлер.

Реклама
Реклама

Не болған?

Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін полиция қызметкерлері күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама