Шымкентте резонанс тудырған төбелес: күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкентте резонанс тудырған төбелес: күдіктілер ұсталды

Шымкентте резонанс тудырған адам өлтіру оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте резонанс тудырған адам өлтіру оқиғасына қатысты күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам ұсталған.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. Бұл жайт бойынша "Адам өлтіру", "Бұзақылық" және "Адамды ұрлау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция.

Реклама
Реклама

Күдіктілерді ұстау мақсатында Полиция департаментінің барлық күш-құралы жұмылдырылған.

"Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Не болған?

Айта кетейік, оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін полиция қызметкерлері күдіктілерді іздестіріп жатқанын хабарлаған болатын.

Зардап шеккеннің жағдайы

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.

"1990 жылы туған азамат қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Оған сол жақ кеуде тұсындағы пышақ жарақаты диагнозы қойылып, шұғыл түрде ота жасалды", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама