Шымкентте Рысқұлов-Қонаев жолайрық құрылысы ашылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бүгін Шымкенттегі Д.Қонаев пен Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайырық ресми түрде ашылды. Оған қала әкімі М.Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері арнайы қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйтенов аталған нысанның құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталып, техникалық сипаттамаға сәйкес 2 жыл 8 айда пайдалануға беріліп отырғанын айтып өтті.

"Естеріңізде болса, былтыр жыл соңында көлік кептелісін азайту үшін техникалық тұрғыда көлік қозғалысына рұқсат етілген болатын. Сол аралықта кеткен кемшіліктер реттеліп, түзетілді", - деді М.Әйтенов.

Реклама
Реклама

Жолайрық Д.Қонаев даңғылымен 1030 метр, Рысқұлов көшесімен 684,7 метр аралығын қамтиды, ені 42 метр. Жол 6 жолақтан тұрады.

Көлік өткізу мүмкіндігі тәулігіне 27775-тен 65820-ға ұлғайған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная