Шымкентте салынып жатқан құрылыста 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
otyrar.kz

Шымкентте салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шымкентте салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм істемей тұрған лифт шахтасына құлап кеткен. Қайғылы жағдайға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Қайғылы оқиға жұмыс уақытында болғанына қарамастан, нысанда бірде-бір жауапты адам болмаған. Марқұмның туыстары қайғылы жағдайды растағанымен, түсініктеме беруден бас тартты. Нысанға жауапты құрылыс компаниясы да ресми жауап берген жоқ.

Реклама
Реклама

Шымкенттегі Еңбек департаменті мәліметінше, құрылыс алаңындағы өлім туралы оларға полициядан белгілі болған.

"Полициядан түскен ақпаратқа сәйкес, ТОО "Айна Мэйр Хаус"-қа тиесілі құрылыс алаңында Балтабаев Үмітжан белгісіз жағдайда құлап, көз жұмды. Тергеуді бастау үшін бізге 24 сағат ішінде жұмыс берушіден ресми хабарлама түсуі қажет. Соның негізінде комиссия құрылып, 10 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін жұмыс берушіден ешқандай хабарлама түскен жоқ", – деді Шымкент бойынша Еңбек комитеті департаментінің бөлім басшысы Алжан Мадалиев.

Мадалиевтің айтуынша, марқұмның аталған компанияда ресми түрде жұмыс істегені әзірге белгісіз. Инспекция жоспардан тыс тексеру жүргізуге рұқсат алу үшін хабарлама жолдаған. Қадағалаушы орган мақұлдаған жағдайда тексеру басталады.

Ал қала Полиция департаменті қылмыстық істің "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қозғалғанын хабарлады.

"Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама