24 ақпан 2020 17:38

Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғаны анықталды

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сарбаз бен оның бауыры газдан уланған, бауыры Шымкентте сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген. Осыған дейін БАҚ-тарда екі сарбаздың қайтыс болғаны туралы хабарланды, ол қате мәлімет", - деді министрлік өкілдері редакция тілшісіне.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Шымкенттің ТЖД қызметкерлері № 556/52 әскери бөлімінің екі қызметкері қайтыс болғанын хабарлаған еді. Алайда министрлік ол ақпаратты жоққа шығарып отыр.

"Қайтыс болғандардың бірі - офицер, шені - аға лейтенант. Оның бауыры - әскери қызметкер емес. Олар осы жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Қайғылы оқиға қызметтен тыс уақытта болған", - деді Қорғаныс министрлігіндегілер.

Министрлік қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram