ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2022 | 14:15
Шымкентте сауда үйлерінің біріндегі оқиға видеоға түсіп қалды
Шымкентте спорт киім дүкенінің иесі акция ұйымдастырып, тұрғындардың жаппай жиналғаны видеоға түсіп қалды. Дүкен иесіне айыппұл салынды. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі мен Telegram-арналарда арзан бағаға байланысты дүкен алдында тұрғындардың жаппай жиналғаны бейнеленген видеолар жарияланып жатыр.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 5 қарашада Тәукехан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорт киімдерін арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған.
"Осыған байланысты жергілікті тұрғындар жаппай жиналды. Соның салдарынан мекеменің ашылуы кезінде адамдар қысылып қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бүгін Еңбекші аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері дүкен иесінің кім екенін анықтады. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді Қаракөзова.
Шымкент полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға туралы белгілі болған бойда учаскелік инспекторлар жетіп, кешке дейін сауда үйінің аумағында тәртіпті қамтамасыз етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также