ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2023 | 11:12
Шымкентте шенеуніктер 1,1 миллиард теңгені жымқырып, баспана сатып алған деген күдікке ілінді
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қала әкімдігі бақылауындағы қосалқы мердігерлер және лауазымды тұлғалар, бір топ адамдармен бірлесе отырып, жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 миллиард теңге сомада бюджет қаражатын ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
"Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 милллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды", - делінген хабарламада.
Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также