ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2023 | 14:06
Шымкентте студент ойынға тіккен шәкіртақысынан айырылып, саябақтағы қызды тонап кеткен
Шәкіртақысын ойынға тіккен шымкенттік студент саябаққа келушіні тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шәкіртақысын ойынға тіккен шымкенттік студент саябаққа келушіні тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тұран АПБ-ның "102" арнасына түнгі уақытта телефон ұрлығы туралы арыз түсті. Құрбысымен саябаққа серуендеуге барған қызды құны 150 мың теңге тұратын смартфонынан айырылып қалғанын жеткізді.
"Бейтаныс жігіт алдымен жәбірленушінің құрбысынан сөйлесіп алу үшін гаджетін уақытша сұрап, іздеген адамымен байланыса алмаған соң кері қайтарып берген. Кейін интернет арқылы хабарласып көру үшін, екінші қыздың телефонын алып, бірден қаша жөнелген. Оқиға орнына дереу учаскелік полиция қызметкерлері барды. Олар жергілікті тұрғынның сипаттамасы бойынша ер адамның қашқан бағытын анықтап, жедел іздестіру шараларын жүргізді", - делінген хабарламада.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде күдікті 3 сағаттан соң қала көшелерінің бірінде ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді.
"Белгілі болғандай, студент анасына беруге келіскен шәкіртақысын ойынға тігіп ұтылып қалғаны, кейін сол ақшаны орнына қою үшін амалсыз осындай қадамға барғаны анықталды. Ол ұрланған мүлікті ломбардқа өткізуді жоспарлаған. Қазіргі таңда смартфон заңды иесіне қайтарылды", - делінген хабарламада.
Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы ("Тонау") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также