02 сәуір 2020 | 18:00

Шымкентте тағы 8 адамнан коронавирус анықталды: науқастар жайлы тың ақпарат шықты

© Tengrinews.kz

2 сәуірде Шымкентте тағы 8 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2 сәуірде Шымкентте тағы 8 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

"8 адам Шымкентте анықталған үшінші адамның туысы. Қазір олар ауруханаға жатқызылды. Шымкенттегі қалалық жұқпалы аурулар емханасында жатыр", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды іздестіріп жатқанын айтты. 

Шымкентте барлығы 11 адам коронавирус жұқтырған. 

Айта кетецік, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 193 адам, Алматы қаласында - 91 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 18 адам, Жамбыл облысында - 5 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 8 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 11 адам анықталған.  

Қазақстанда жалпы 423 адам анықталды. Оның 27-сі емделіп шықты. 3 адам коронавирус індетінен көз жұмды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная