Шымкентте танымал ішімдік брендтері қолдан жасалынған

Видео кадры

Шымкентте белгілі брендтерді контрафактілік алкоголь өндірумен айналысатын жерасты цехы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрілігіне сілтеме жасап.

Шымкентте белгілі брендтерді контрафактілік алкоголь өндірумен айналысатын жерасты цехы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрілігіне сілтеме жасап.

Бірлескен операция барысында Шымкент әділет және полиция департаментінің қызметкерлері контрафактілік алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру мен өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғынды ұстады.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, күдікті танымал Absolut және "Зеленая марка" брендтерін, сондай-ақ "Айдабульская" және Qulan брендтерін де қолданған.

Реклама
Реклама

"Тінту нәтижесінде цехта шығу тегі белгісіз 3000 литр сұйықтық, сүзу және құю жабдықтары, сондай-ақ Absolut сауда белгісі бар 720 қақпақ және "Зеленая марка" сауда белгісі бар 1400 қақпақ табылды және тәркіленді. Ұсталғанға қарсы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 158-бабы бойынша бөтен тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік іс қозғалды", - деді Талғат Уәли.

Іс материалдары сотқа берілді.

Фото: Әділет министрігі

Әділет министрлігі азаматтарға контрафактілік өнімдерді тұтынудан бас тарту керегін ескертті, өйткені оның құрамында денсаулыққа қауіпті улы заттар болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама