12 шілде 2023 10:22

Шымкентте Tik-Tok арқылы ойын бизнесiн ұйымдастыру дерегі анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
фото: pixabay.com

Шымкентте "Tik-Tok" әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте "Tik-Tok" әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнын тексеру барысында "интернет желісі арқылы төрт аккаунтпен "Тринка Шамай" ойынын 1995 жылы туған ер адам ойнатқаны анықталды.

"Өзінің жауабында ол тікелей эфир арқылы ойнатқан ТикТок аккаунттарды және ақша қаражаттарының түсуімен аударылуын қадағалайтын банк картасын бейтаныс азаматтардан сатып алып, пайда табу мақсатында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын атап көрсетті.

Қарап-тексеру барысында ұялы байланыс телефондары, карта таратуға арналған аппараттар, ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім айғақты заттар ретінде тәркіленіп алынды. Ұялы телефонда орнатылған банк қосымшасына талдау жасау барысында соңғы бір ай ішінде жалпы ақша қаражаттарының айналымы 15 миллион теңге болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Заңбұзушылықтың мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram