13 сәуір 2023 | 16:27

Шымкентте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім бірнеше сыныпқа сабақ берген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Шымкенттегі мектептердің бірінде туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім сабақ берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі мектептердің бірінде туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім сабақ берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі туберкулездің ашық түріне шалдыққанына қарамастан бірнеше сыныпқа сабақ берген.

Санитарлық эпидемиологтардың айтуынша, мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжым арасында туберкулез ауруының алдын алу үшін барлық шаралар қабылданған.

Реклама
Реклама

"11 сәуірде оқиға анықталған соң мектеп толық дезинфекцияланды. 12 сәуірде мектеп жұмыс істемеді. Сол кезде байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Науқас әйелдің өзі ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақты", - деді Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная