03 маусым 2021 14:05

Шымкентте VIP-нөмірлерді сатуда бюджетке 44 миллион теңге түспеген

Фото: kolesa.kz

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің толық түсуін тексеру кезінде қаржы жеткіліксіздігін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жақында уәкілетті органға тексеру жүргізу барысында 148 көлік иелерінен жоғары сұраныстағы (VIP нөмір) мемлекеттік тіркеу нөмірлері үшін 44,4 миллион теңге мемлекет қазынасына түспегені анықталды. Оған қосымша 130 көлік иесінен механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алынатын 123,2 миллион теңге алым бюджетке түспеген", - деді ведомство өкілі.

Қазақстан Республикасы аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін 155,1 млн теңге жеке табыс салығы бюджетке түспеген. Осыған байланысты мемлекеттік бюджетке барлығы 320,0 млн теңгеден аса қаржы түспегені анықталды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram