27 қазан 2023 | 09:54

Шымкентте із-түзсіз жоғалған 19 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Polisia.kz

Шымкент полицейлері жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті іздеп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент полицейлері жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті іздеп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қазанда Абай АПБ-ға жігіттің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

"Оның жүрген жерін анықтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Белгілері: бойы шамамен 175-180 см, орта денелі, шашы,көзі қара түсті, үстінде қою көк түсті спортивка, қара красовка және қара түсті күртеше болған. Жоғалған жігіттің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram